Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпарат

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (одан әрі - МЖӘ) аясында облыста 63 МЖӘ жобасының 33 жобалары бойынша келісім-шарттың мерзімі аяқталды. Қалған 30 жоба іске асу сатысында.

Оның ішінде:

спорт саласында – 20 жоба;

денсаулық сақтау саласында – 4 жоба;

білім саласында – 5 жоба;

ақпараттық технологиялар саласында – 1 жоба;

Қазіргі таңда, «Қызылорда қаласындағы жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді беру жөніндегі қызметтер» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камераларын, 58 сызықтық бөлім аппараттық-бағдарламалық кешені және 19 қиылыс аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда.

Қазіргі таңда МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізу сатысында.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы көшелерді жарықтандыруды модернизациялау және пайдалану» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасына сараптаманың оң қорытындысы алында.

Қазіргі таңда бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан жеке әріптесті айқындау бойынша конкурстық үрдістер жүргізілуде.

Сонымен қатар, жаңадан “Қызылорданың жасыл белдеуі”, “Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттардағы асханаларды жаңғырту және пайдалану” және “Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру” МЖӘ жобалары бойынша инвестициялық ұсыныс түсті. Бүгінгі таңда жобалар тиісті уәкілетті органдар қарауында.

Дата публикации
22 июля 2025
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 июля 2026
Қызылорда облыстық бюджет комиссиясы отырысының құрамы (2026 жыл)
Ақпарат
22 января 2026
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдаудың 2026 жылға арналған кестесі
Пайдалы ақпарат
19 января 2026
2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы