«Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақала жариялау, құқықтық оқыту өткізу, интернет-ресурсқа бюджеттің жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.
Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген.
Осыған орай, Басқармамен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында өткен жылдың соңғы күндерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Осы орайда, Әдістемелік ұсынымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қалыптастыру мен оның мазмұнының тәртібін түсіндіруге бағытталған.
Атап айтқанда:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;
2) мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) қаржылық бақылау шаралары;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептілігі мен ашықтығы;
6) персоналды басқару үдерістерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
Сонымен қатар, әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт субъектінің ішкі рәсімдеріне сәйкес, бірінші басшы немесе басқару органы бекітетін бұйрық не өзге де құжат түрінде ресімделеді, аталған құжатта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты адамдар немесе құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат, сондай-ақ осы стандарттың тиімді іске асырылуына бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғалардың не субъектілер органдарының жауапкершілігі жазылады.
Содан кейін, Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт субъектінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған басқа да ішкі құжаттарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы «Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 111 қаулысына сәйкес Басқарманың әкімшілік рәсімдерінің тізбесі бекітілді.
Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқарма қызметкерлерінің арасында а.ж. қаңтар айының 14-і күні Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген ҚР "мемлекеттік мүлік туралы" Заң жобасы бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар жобасы талқыланды. Талқылау барысында қатысушылардан ұсыныстар мен ескертпелер айтылды.
Содан кейін, қаржылық бұзушылықтарды алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін нығайту мақсатында а.ж. ақпан айының 6-і күні ҚР қаржы министрлігімен әзірленген мемлекет сатып алудағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіру шеңберінде "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" тақырыптағы дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл жердеде қатысушылар тарапынан қызу талқылау жүргізілді.
"Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
Осыған орай, Басқарма қызметкерлері арасында жақын туыстардың, ерлі - зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу; мүдделер қақтығысы бойынша мониторинг жүргізіліп, ешқандай айтылған жағдайлар орын алған жоқ.
Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алуда.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағалау нәтижелері негізінде айқындалады.
Алайда, ҚР Үкіметінің 09.09.2011 жылғы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» № 920 Қаулысына сәйкес кепілдік жарна объектінің бастапқы бағасына пайыздық қатынаста белгіленеді. Осыған байланысты кепілдік жарна бастапқы бағадан туындайтын көрсеткіш болып табылатындықтан, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы кепілдік жарна мөлшерінен төмен белгіленбейді.
Сонымен қатар, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, аталған заңдылықтар мен нормалар сақталып, құқықтық қақтығыстар мен олқылықтарды болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жалғасуда.
Бұдан бөлек, басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауынын 2026 жылға арналған кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес басшылықтың азаматтарды жеке қабылдаулары өтікізіліп келеді.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылуда.
Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілген.
Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.