2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында I тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар

«Дипломмен ауылға» жобасы ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, ауылдық жерлерде сертификатталған кадрларды сақтау мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынды. Бұл жоба ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсету шаралары арқылы жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес 2026 жылға тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін аудан орталықтарына 2500 АЕК (4325*2500=10 812 500), ауылдық елді мекендерге 2000 АЕК (4325*2000= 8 650 000) мөлшерінен аспайтын көлемде 2026 жылға 169 маманға 1,6 млрд. теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі және 100 айлық есептік көрсеткішпен 464 маманға 200 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы жыл аяғына дейін беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат
Дата публикации
03 апреля 2026