2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2025 жылы атқарылған жұмыстар

 «Дипломмен ауылға» жобасы ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, ауылдық жерлерде сертификатталған кадрларды сақтау мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынды. Бұл жоба ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға немесе сатып алуға және бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсету шаралары арқылы жүзеге асырылып келеді.

2025 жылы аудан орталықтарына 2500 АЕК (3932*2500=9 830 000), ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК (3932*2000= 7 864 000) мөлшерінен аспайтын көлемде 194 маманға 1,7 млрд. теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі және 100 айлық есептік көрсеткішпен 627 маманға 230,5 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.

2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат
Дата публикации
19 января 2026