«Ауыл - Ел Бесігі» жобасына бекітілген арнайы методикаға сәйкес облысымыздан 59 тірек және 43 спутник елді мекендер айқындалып, бүгінде оларда тиісті жобалар жүзеге асырылуда.
2025 жылы «Ауыл - Ел Бесігі» жобасы аясында 15,1 млрд.теңге бөлініп, (республикалық бюджеттен 9,6 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 5,5 млрд.теңге), облыстың 41 ауылдық елді мекенінде (Білім, Денсаулық сақтау, Мәдениет, Спорт, Инженрелік инфрақұрылымды дамыту салалары) 66 жоба жүзеге асырылды.
Атап айтар болсақ білім саласында 1, денсаулық сақтау саласында 4, мәдениет саласында 4, спорт саласында 6, электрмен қамту саласында 13, көлік инфрақұрылымы саласында 38.