2026 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынабюджет түсімдері 99,5 пайызға орындалды (болжам 795540,4млн.теңге, нақты түскені 791869,9млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 108,5пайызға орындалды (болжам 156652,3млн.теңге, түскені 169946,6млн.теңге), артық түскені 3670,5млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 573964,4млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (98,9 пайыз), оның ішінде субвенция – 470247,5 млн.теңге (98,6пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 31954,8 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 71762,1млн.теңге (100 пайыз).

Республикалық бюджеттенкредиттер болжамдағы 49618,0 млн.теңге орнына 39470,2 млн.теңге түсті (79,5%).Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеуге 10150,0 млн.теңге қаражаттар түспегені.

2026 жылдың 1 қаңтарынаҚызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 98,6 пайызға орындалды (жоспар 809075,1млн.теңге, орындалғаны 797836,1 млн.теңге). Игерілмегені 11239,0 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 99,6 % орындалып, 79,5 млн.теңге;

Қазалыда – 99,7 % орындалып, 71,1 млн.теңге;

Қармақшыда – 100 % орындалып, 8,5 млн.теңге;

Жалағашта – 100 % орындалып, 1,9 млн.теңге;

Сырдарияда – 99,8 % орындалып, 20,3 млн.теңге;

Шиеліде – 100 % орындалып, 4,2 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 99,8 % орындалып, 32,0 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 99,9 пайызға орындалып, 107,7 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 98,1 пайызды құрады, игерілмегені 10913,8 млн.теңге (оның ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеуге қаражат түспеуінен).

Республикалық бюджет қаржысы жоспары 121925,4 млн.теңгенің 111706,1 млн.теңгесі немесе 91,6 пайызға игерілді, игерілмегені 10219,3млн.теңге, оның ішінде үнемделгені – 69,3млн.теңге және кредиттер– 10150,0 млн.теңге түспеуіне байланысты.

Жергілікті бюджет қаражаты 99,9пайызға игерілді, игерілмегені 1019,7 млн.теңге соманы құрады.

 

2026 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы
Дата публикации
10 января 2026