2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2025 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

«Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақала жариялау, құқықтық оқыту өткізу, интернет-ресурсқа бюджеттің жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.

Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алуда.

2025 жылдың сәуір айында жергілікті БАҚ-да қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша «Ашықтық пен жариялық» атты мақала жарияланды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 6 ақпанында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен «Қаржылық бұзушылықтарды алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін нығайту» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Күн тәртібінде Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Д.Баймаханов «Мемлекеттік мүлікті пайдалану мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама үш бағытты қамтиды, оның ішінде: облыстық коммуналдық мүліктерді теңгерімге беру, мүліктерді есептен шығару және жалға беру мәселелері бойынша жеке тоқталып өтті. Талқылау барысында мемлекеттік ұйымдармен мүлікті пайдалану барысында жиі орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды атап, алдағы уақытта жол бермеу ұсынылды.

2025 жылдың 27 ақпан күні Инвесторларға қатысты: тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану; әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; тексеру тағайындау; сотқа талап қою туралы шешімдерді міндетті түрде прокурормен келісу көзделгені туралы ҚР заң талаптарын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөнінде уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ Әдеп кодексінің негізгі қағидалары мен тармақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 28 тамызында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың қатысуымен әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесін талқылау бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Үкімет басшысы О.Бектеновтің тапсырмасымен Сыр өңірінің қаражатын тиімді пайдалану тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылған. Басқосуға аймақ басшысы Н.Нәлібаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбеков, министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, департамент, инспекция, мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты. Е.Көшербаев Мемлекет басшысының бюджет қаржысын тиімді жоспарлау, мақсатқа сай бөлу мен игеру жөнінде нақты міндеттер жүктегенін айтып, атқарылған істерге тоқталды.

2025 жылдың 16 қазанында Қызылорда қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Е.Біржанов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтың қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті. Кездесуде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодесінің негізгі бағыттары таныстырылды. Жиынға министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында салық саясатын жетілдіру, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік –экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қаржы вице-министрі Е.Біржанов жаңа Кодекстегі басты өзгерістерге тоқталып, салық есептілігін қысқарту, салық түрлерін азайту және инвестициялық белсенділікті арттыру шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске жүктемені азайтып, жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға қолдау көрсетілетіні атап өтілді. Кездесу соңында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Көтерілген мәселелер талқыланып, нақты түсіндірмелер берілді.

2025 жылдың 2 желтоқсанында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөнінде уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы «Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары, әріптестерімен қарым-қатынас кезіндегі әдеп стандарттары, әкімшілік құқық бұзушылытар бойынша жауаптылығы» тақырыбында профилактикалық семинар өткізілді. Семинарда басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, әріптестермен қызметтік қарым-қатынас барысындағы әдептілік стандарттары туралы түсіндірме берілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын және әкімшілік сыбайлас жемқорлық баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасаған жағдайдағы жауаптылықтары ескертілді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндіріліп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды, сұрақтарына жауаптар берілді. 

Бұдан бөлек, басқарма басшысының 2025 жылғы 27 ақпандағы №01-17-166 бұйрығымен «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауынын 2025 жылға арналған кестесі» бекітіліп, кестеге сәйкес басшылықтың азаматтарды жеке қабылдаулары өтікізіліп келеді.

Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылуда.

Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілген.

Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.

2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
10 января 2026