Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2017-2025 жылдары тіркелген 65 жобаның (оның ішінде 3 жоба мемлекеттік міндеттемелерсіз) 40 жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер толығымен төленіп болған. Жасалған келісім-шарттар бойынша 17,7 млрд.теңге мемлекеттік міндеттемелер төленген.
Қалған 2025-2031 жылдар аралығындағы 22 жоба бойынша төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 20,8 млрд.теңге құрайды.