2025 жылдың 1 қарашасына облыс бюджетінің атқарылуы туралы аналитикалық мәлімет

Кірістер

 Қызылорда облысы бойынша 2025 жылдың 1 қарашасына бюджет түсімдері 102,7 пайызға орындалды (болжам 650352,0 млн.теңге, нақты түскені 668105,8 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 104,7 пайызға орындалды (болжам 130646,2 млн.теңге, түскені 136834,5 млн.теңге), артық түскені 17753,8 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 493492,7 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (103,6 пайыз), оның ішінде субвенция – 423095,8 млн.теңге (105 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 22034,2 млн.теңге (99,8 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 48362,7 млн.теңге (94,2 пайыз).

 Шығындар

 2025 жылдың 1 қарашасына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 98,7 пайызға орындалды (жоспар 617067,6 млн.теңге, орындалған 608971,9 млн.теңге). Игерілмегені 8095,7 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 93 % орындалып, 1012,3 млн.теңге;

Қазалыда – 90,7 % орындалып, 1554,8 млн.теңге;

Қармақшыда – 99,8 % орындалып, 37,6 млн.теңге;

Жалағашта – 95,4 % орындалып, 361,0 млн.теңге;

Сырдарияда – 99,8 % орындалып, 18,9 млн.теңге;

Шиеліде – 98 % орындалып, 232,7 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 99,1 % орындалып, 120,2 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 99,5 пайызға орындалып, 561,1 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,1 пайызды құрады, игерілмегені 4197,1 млн.теңге.

2025 жылдың 1 қарашасына облыс бюджетінің атқарылуы туралы аналитикалық мәлімет
Дата публикации
11 ноября 2025