Қызылорда облысының 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 786,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 99,6 пайыз.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 294,3 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,1%.

2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған құны 23,0 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылады деп жоспарлануда.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 484,9 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 105,9 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 206,8 млрд. теңгені құрап, өсім 15,6% көрсетті.

677,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 104,8 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 166,4 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 102,6 пайыз.

Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың 2 тоқсанына – 4,8 пайызды құрады.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 33 546 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 17198 адам.

2025 жылдың 2 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 395,0 мың теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 109,5 пайыз.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 332,9 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 115,9 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 206,0 млрд. теңге түсті (болжамға 118,1 пайыз), жергілікті бюджетке 126,9 млрд. теңге (болжамға 112,4 пайыз).

Қызылорда облысының 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Дата публикации
21 октября 2025