2025 жылдың 1 қыркүйегіне Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы
Қызылорда облысы бойынша 2025 жылдың 1 қыркүйегіне бюджет түсімдері 103,1 пайызға орындалды (болжам 523897,4 млн.теңге, нақты түскені 539957,2 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 113,9 пайызға орындалды (болжам 99408,6 млн.теңге, түскені 113268,5 млн.теңге), артық түскені 16059,8 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 396982,2 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (101,6 пайыз), оның ішінде субвенция – 336766,3 млн.теңге (102 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 19776,5 млн.теңге (99,9 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 40439,4 млн.теңге (99,1 пайыз).
2025 жылдың 1 қыркүйегіне Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 98,8 пайызға орындалды (жоспар 484608,1 млн.теңге, орындалғаны 478583,2 млн.теңге). Игерілмегені 6024,9 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,4 % орындалып, 59,8 млн.теңге;
Қазалыда – 99,9 % орындалып, 6,8 млн.теңге;
Қармақшыда – 100 % орындалып, 0,5 млн.теңге;
Жалағашта – 100 % орындалып, 1,4 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,8 % орындалып, 12,6 млн.теңге;
Шиеліде – 99,5 % орындалып, 42,5 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 100 % орындалып, 4,2 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 99,9 пайызға орындалып, 73,0 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 98,4 пайызды құрады, игерілмегені 5824,1 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 64397,3 млн.теңгенің 58629,8 млн.теңгесі немесе 91 пайызға игерілді, игерілмегені 5767,5 млн.теңге, оның ішінде үнемделгені – 7,0 млн.теңге, басқа себептер – 1050,1 млн.теңге, нысаналы трансферттердің – 4710,4 млн.теңге түспеуіне байланысты.
Жергілікті бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілді, игерілмегені
257,4 млн.теңге соманы құрады.