АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Қызылорда облысының 2025 жылдың қаңтар-маусымына даму қорытындылары
2025 жылдың 1 маусымына халық саны – 846,9 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы саны 399,1 мың адам (47,1%).
Облыс 7 ауданнан және 1 облыстық маңызы бар қаладан (Қызылорда), 2 аудандық маңызы бар қаладан (Арал және Қазалы) тұрады.
2025 жылдың басына ұлттық құрам: қазақтар – 96,3 пайыз, орыстар – 1,4 пайыз, кәрістер – 0,9 пайыз, басқалары – 1,4 пайызды құрады.
Қызылорда облысында статистикалық деректер бойынша өндірілген Жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 640,3 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 104,7 пайыз.
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 512,2 млрд. тенгені құрады, 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 100,0 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 188,2 млрд.теңге 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 117,2 пайызды құрады.
2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға әсер ететін құны 21,1 млрд.теңгені құрайтын 21 жобаның іске қосылуы жоспарланып, оның ішінде 7 жоба іске қосылды (5,7 млрд.теңге):
«Қызылорда Саз-М» ЖШС заманауи кірпіш зауыты;
Қазалыдағы «Қазбергенов» ЖК рафинадталған қант өндірісі;
Аралдағы «Ase Invest» ЖШС тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндірісі;
Қызылордадағы «Роня» ЖК тұшпара цехы;
Шиелідегі «Бөпежанова» ЖК Әк ұнтағын шығару;
Жалағаштағы «ЕрӘлі» ШҚ күріш өңдеу зауыты;
«Бейбарыс» ЖК кондитерлік өнімдер өндіру цехы.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 31,5 млрд.теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 102,8 пайыз.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64 926 бірлікті құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 100,7 пайыз.
Есепті кезеңде бизнестің 649 жобасы әртүрлі көздерден 20,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.Оның ішінде, шағын және орта бизнестің несие портфелі 6,1 млрд. теңгені құрайтын 105 жобаның сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, несие портфелі 1,6 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 27 жоба 597,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Аграрлық несие корпорациясымен 257 жоба 10,3 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында «Байқоңыр» ӘКК арқылы 226 кәсіпкерлік бастамасы 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 12,2 мың қызмет көрсетілді.
Инвестициялар. Инвестиция көлемі 295,1 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,5 пайызға артты.
Құрылыс жұмыстардың көлемі 111,9 млрд. теңгені құрады, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,5 пайызға артқан. 350,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 6,0 пайызды құрады.
Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2025 жылдың 1 тоқсаны).
2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 354 856 теңгені құрады, яғни 2024 жылдың тиісті кезеңіне 107,6 пайыз.
Тұтыну бағаларының индексі 2025 жылдың маусым айында 2024 жылдың маусымына қарағанда 111,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 110,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 109,9 пайыз, ақылы қызметке – 114,5 пайыз.
01.07.2025 жыл жағдайындағы шығыстар бойынша облыс бюджеті – 790,3 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар мен нысаналы трансферттер – 597,4 млрд.теңге.
Мемлекеттік бюджетке 230,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 125,1 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 151,1 млрд. теңге түсті (болжамға 125,9 пайыз), жергілікті бюджетке 79,6 млрд. теңге (болжамға 111,4 пайыз).
Әлеуметтік сала. Әлеуметтік салаға 481,1 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде білім беруге – 337,6 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 35,6 млрд.теңге.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту: 2-6 жастағы балалар – 92,6 пайыз, 3-6 жастағы балалар – 100 пайызды құрады. Облыста балабақшалардың 74,4 пайызы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде (жеке меншік) жұмыс жасайды.
8. Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, жергілдікті маңызы бар автомобиль жолдарын, көшелерін және көпірлер құрылыстары мен қайта жаңғыртуға, жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2025 жылға бюджеттен
38,5 млрд.теңге бөлінді. 2025 жылдың 1 шілдесіне 19,9 млрд. теңге игерілді.
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
2025 жылдың 1 шілдесіне есепті кезеңге арналған облыстық бюджет түсімдері 101,2 пайызға орындалды (болжам 363,9 млрд.теңге, бюджет кірістеріне түскені 364,5 млрд.теңге), оның ішінде өз кірістері – 109,5 пайызға (болжам 36,1 млрд.теңге, түскені 39,6 млрд.теңге) облыстық бюджеттіне артық түскені 0,6 млрд.теңге.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке жоспарланған 2,3 млрд.теңге нысаналы трансферттер түспеді.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117 пайызға өсуі байқалады.
2025 жылы қаңтар-мамыр айларында облыстық бюджет шығындар бойынша 99 пайызға орындалды (болжам 339,4 млрд.теңге, игерілгені 336,1 млрд.теңге). Игерілмегені 3277,5 млн.теңге (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда игерілгені 100 пайыз кұрайтын, игерілмегені – 26,2 млн.теңге).
2025 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджет түсімдері
Облыстық бюджет түсімдері салық түсімдерден, салықтан тыс түсімдерден, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерден (бюджеттің өз кірістері), трансферттер түсімдерінен, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу және қарыздар түсімдерінен тұрады.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында облыстық бюджеттің өз кірістері (салық түсімдері, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) 109,5 пайызға, өз кірістері 3,5 млрд.тенгеге артық орындалды (болжам 36,1 млрд.теңге, облыстық бюджетке нақты түскені 39,6 млрд.теңге), ол табыс салығы 1805,4 млн.теңгеге, әлеуметтік салық – 1091,7 млн.теңгеге, мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулардан – 46,3 млн.теңге, және аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына және инфрақұрылымының дамуына жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары түсiмдерден – 144,9 млн.теңгеге артық түсуіне байланысты.
Жергілікті бюджет кірістерінде салық түсімдері 110,5 пайыз артық орындалды (жоспар 29186,9 млн.теңге, нақты түскені 32248,3 млн.теңге), артық орындалғаны 5988,6 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, осы санат бойынша түсімдері 3884,8 млн.теңгеге ұлғайды (2024 жылдың 1 шілдесіне 28363,5 млн.теңге түсті).
Облыстық бюджетке салықтан тыс түсімдері бойынша 380,3 млн.теңге артық түсті (жоспар 6609,3 млн.теңге, нақты түскені 6989,6 млн.теңге). Артық түскені мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсiмдерден – 74,8 млн.теңге, мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулардан – 46,3 млн.теңге, басқа да салықтық емес түсімдерден – 184,4 млн.теңге түсуі есебінен қалыптасты.
2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында осы санат бойынша түсімдер 747,8 млн.теңгеге ұлғайды
(2024 жылдың 1 шілдесіне 7737,4 млн.теңге түсті), ол 2025 жылы өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша – 677,2 млн.теңге (2025 жылдың 1 шілдесіне 2194,4 млн.теңге, 2024 жылдың 1 шілдесіне 1517,2 млн.теңге түсті), мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсiмдері бойынша – 77,1 млн.теңге (2025 жылдың 1 шілдесіне 114,0 млн.теңге, 2024 жылдың 1 шілдесіне 36,9 млн.теңге түсті), аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына және инфрақұрылымының дамуына жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары түсiмдерден – 1888,2 млн.теңге (2025 жылдың 1 шілдесіне 2974,9 млн.теңге, 2024 жылдың 1 шілдесіне 1086,7 млн.теңге түсті), бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы бойынша – 735,7 млн.теңге (2025 жылдың 1 шілдесіне 992,8 млн.теңге, 2024 жылдың 1 шілдесіне 257,1 млн.теңге түсті) артық түсуіне байланысты.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 331,9 млн.теңге құрады
(2024 жылдың 1 шілдесіне 39,2 млн.теңге түсті) - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер.
Облыстық бюджетке трансферттер ағымдағы кезеңіне 310264,25 млн.теңге (99 пайыз) құрайды, оның ішінде субвенциялар – 257759,9 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 16182,1 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 26161,5 млн.теңге (89,5 пайыз), аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері – 10014,3 млн.теңге (100 пайыз), аудандардың (қалалардың) пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің қайтарылуы 123,8 млн.теңге (100 пайыз), жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару 3,3 млн.теңге (100 пайыз), Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару – 19,3 млн.теңге (100 пайыз)(2024 жылдың 1 шілдесіне трансферттер 267056,2 млн.теңге көлемінде түсті).