«Ауыл - Ел Бесігі» жобасы аясында II тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар
2025 жылға «Ауыл - Ел Бесігі» жобасына бекітілген арнайы методикаға сәйкес облысымыздан 58 тірек және 44 спутник елді мекендер айқындалып (РБ-9,7 млрд. теңге, және ОБ-5,1 млрд теңге.) 14,8 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде 41 елді мекенде 66 жобаны жүзеге асырылуда (Білім саласы 1 жоба, Денсаулық сақтау саласы 4 жоба, Мәдениет саласы 4 жоба, Спорт саласы 6 жоба, Электрмен қамту саласы 13 жоба, Көлік инфрақұрылымы саласы 38 жоба).