Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасының  2020 жылдың 1 қазанға жүзеге асырылуы туралы

 

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 2 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 341,9 мың адам (2019 ж. 2т.  – 348,1 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 325,0 мың адам (2019 ж. – 331,5 мың адам).

Жұмыссыздар саны – 16,9 мың адам (2019ж. 2 т.– 16,7 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды (2019ж.2т.–4,8%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,4 пайызды құрады (2019 ж.2т.– 4,1  пайыз).

2020 жылы 17602 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,  1 қазанға18 784 (106,7%) жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 13777 тұрақты орындар (73,3 %).

«Жұмыс орындарын құру мониторингі интеграцияланған картасы» автоматтандырылған жүйесіне 14293 жұмыс орындары енгізілді: Индустриалды –инновациялық даму -41 орын,«Нұрлы жол» бағдарламасы – 17 орын, «Нұрлы жер» бағдарламасы –  33 орын, «2017-2021 жылдарға Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы – 53 орын, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы -4578, «Жұмыспен қамту жол картасы»-8166, «Цифрлық Қазақстан» -39, «Ауыл ел бесігі» -70, «Білім және ғылымды дамыту» - 46, «БЖК»- 156,  «Аумақтарды дамыту» - 256,  Жеке бастамалар -838 орын.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 33180 адам хабарласып, олардың 53,9% немесе 17875–і тұрақты, уақытша жұмыспен қамтылды.

Нысаналы топтарға жататын азаматтар ішінен: мүгедектігі бар 814адамның, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 681адам жолданған, соның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 96 адам.

Хабарласқандар қатарынан жұмысынан айырылуына  байланысты 5841 адамға композиттік қызмет көрсетілді.

Облыста 29 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 365 жұмыс беруші 2187 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2497  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1050-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне, (оның ішінде 777 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 11.5 млрд. теңге (26135 адам) қаралған игерілгені 8.8 млрд теңге (78,3%).

Бағдарламаға қатысушы ретінде 27994 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар- 56,3% (15774 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 19,5% (5458 адам), жұмыс іздеушілер-18,3% (5124 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) –5,6% (1638 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт -Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 1 қыркүйекте 1515 адам жолданды. 

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1000 адам 304,7 млн.теңге.

1 қазанда қысқа мерзімді оқуға 1033 адам (103,3%) жұмыс берушілердің сұранысы және ваучер бойынша жолданды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 2181 адам. Нақты 2181 –і  оқуды аяқтап сертификатын алған, соның ішінде  - 1972 –і оң қорытынды алған, 1400 – і  грант пен шағын несиеге  ие болды немесе 70,9%.

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам, 3353,3 млн.теңге қаралған, (соның ішінде ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге).1 қазанға734 адам немесе 89,1% (2872,8 млн.т.) шағын несие алды (өткен жылы 292 адам несие алған). Қосымша 680 жаңа жұмыс орындары ашылды.

3) жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар –4686 адамға 2584,8 млн.теңге -200 АЕК (530 мың т) жоспарланған. 1 қазанға 3774 адам немесе 80,5%  (1573,8млн.т.) грант алды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Осы бағыт аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен      21811 адам қамтылды, соның ішінде:

- Бос жұмыс орындарына орналасқаны – 7331 адам (жоспар 13900 адам, 52,7%) жолданды.

-Әлеуметтік жұмыс орындарына – 1179 адам немесе жылдық жоспардың 192,8 % (жоспар – 585 адам, 253,6 млн.т, с.і. РБ 318,7 млн.т.)  жолданып, олардың 394- і жұмысын аяқтап, 225-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе  57,1% .

- Жастар тәжірибесіне – 3931 адам немесе жылдық жоспардың  130,6% (жоспар 3009 адам, 1031,6 млн.т., с.і. РБ -2793 адам, 1124,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 1022 адамның 450-і тұрақты жұмысқа орналасты, немесе 44%.

- Қоғамдық жұмыстарға – 9370 адам немесе жылдық жоспардың 101,3 % (жоспар 9250 адам, 1928,1 млн.т.) жолданып, 3916-і жұмысын аяқтап, олардың 363-і жұмыспен қамтылды (9,3%).

Жыл басынан солтүстік өңірлерге 81 отбасы (құрамында 173 адам) қоныс аудару квотасына енді, соның ішінде: Қостанай облысына 30 отбасы құрамында 64 адамымен, Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы 26 адам, Шығыс Қазақстан облысына 23 отбасы 46 адам, Павлодар облысына 8 отбасы, 37 адам.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру.

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйекке мәртебесі нақтыланбағандар саны 113162 адамды құраса, өзектендірілгені –108694 адам немесе 96,1%. Өзектендіруге тиіс - 4668 адам, соның ішінде: тіркелмеген жұмыссыздар саны 448 адам,  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар -63 адам, жеке қосалқы шаруашылықтарында жұмыспен қамтылғандар – 512 адам, заңдастырудан бас тартқандар - 2818 адам, басқа да санаттағылар – 827 адам.

Жыл басынан Бірыңғай жиынтық төлегендер саны 1.09.2020 ж.- 73268 адам, 2019 жылы -40001 адам.

Жеке жұмыспен қамту агенттігі. Облыста 3 жеке жұмыспен қамту жеке агенттіктері Арал, Қазалы аудандарында тіркелген, Сырдария ауданында тіркелген қазіргі таңда жұмыс жасамайды. Жыл басынан аталған агенттіктерге 237 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан, 12-і тұрақты жұмыспен қамтылған.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту Жол картасы Қызылорда облысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы аясында 276 жобаны іске асыруға 36 957 млн. теңге көлемінде лимит белгіленген (Қаржының бөлінісі: 9137 млн. теңге нысаналы трансферттер және 26 670 млн. теңге мемлекеттік бағалы қағаздары. 1150 млн. теңгеге 2 нысандар орталық органдар арқылы). 

Анықтама үшін:

-           Әлеуметтік-мәдениет саласында 125 жоба (12276,3 млн. теңге). 3268 жұмыс орын, 314 тұрақты.

-           Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 42 жоба (7476,2 млн. теңге). 1658 жұмыс орын, 73 тұрақты.

-           Инженерлік-транспорттық саласында 62 жоба (14530,8 млн. теңге). 3474 жұмыс орын.

-           Абаттандыруда 47 жоба (2673,7 млн. теңге). 899 жұмыс орын, 65 тұрақты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарының құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады.

А.ж. 1 қазанға  275 жоба бойынша жұмыстар басталып, 9129 жұмыс орындар ашылды (98,2%) (жоспар 9299), оның ішінде 5436 жұмыспен қамту орталықтары арқылы (116,9%) (жоспар 4649). Жұмыспен қамту Жол картасы аясындағы жобаларда орташа еңбек ақы 88242 теңгені құрады.

Әлеуметтік жәрдемақы туралы

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістерінен айырылу жағдайы бойынша бір жолғы әлеуметтік төлемақы .ж.4 қазанға. 42500 теңге 207826 адамға көмек көрсетілді.

Дата публикации
09 октября 2020