«Ауыл- Ел бесігі» арнайы жобасының іске асырылуы туралы
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы қазіргі таңда «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» бір бағыты ретінде біріктірілді.
Аталған жобаға облыстың 103 (371 мың адам) елді мекендері (53 тірек және 50 спутник) арнайы әдістеме негізінде іріктеліп, енгізілді.
Осылайша, 2019 жылы «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде Жосалы және Жалағаш кенттерінде 31 инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінді (республикалық бюджеттен 1 719,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 198,0 млн. теңге).
Анықтама үшін:
- Жосалы кенті бойынша: 18 жоба (білім саласында -3 мектеп, 1-мәдениет үйі, денсаулық сақтау -1 емхана, көшелерді жөндеу 13 жоба 18,6 км).
- Жалағаш кенті бойынша: 13 жоба (білім саласында -1 мектеп, мәдениет саласында -4 жоба, көшелерді жөндеу 8 жоба 9,8 км) жүзеге асырылды.
2019 жылы «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 54 уақытша жұмыс орыны ашылды.
2020 жылға «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарымен Қызылорда қаласына қарасты ауылдық елді мекендерде 52 инвестициялық жобаны іске асыруға 5,1 млрд. теңге қаралды (республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 490,6 млн. теңге).
Анықтама ретінде:
Жоба игілігімен аталған елді мекендер бойынша 68 мың адам немесе ауыл тұрғындарының 15,3% қамтылды. Барлығы 275 жұмыс орыны ашылды, оның 109 жұмыс орыны тұрақты.
Бүгінде 52 жобаның 35 жобасы аяқталып пайдалануға берілді.
2021 жылға «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қызылорда облысына республикалық бюджеттен жалпы 1,9 млрд. теңге қаржы қаралған, оның ішінде :
Ағымдағы жобаларға: 778,2 млн. теңге;
Даму жобаларына: 1 102,3 млн. теңге.
2021 жылға Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарының ауылдық елді мекендері бойынша 14 жоба жасақталып ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.
Ақпарат ретінде:
1) Газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу 2 жоба (Н. Бекежанов ауылы, Ш. Қодаманов ауылы);
2) Автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 11 жоба (Әйтеке би кенті, Төретам кенті, Таң ауылы, Тереңөзек кенті);
3) Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары1 жоба (Таң ауылы).