Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама

Ағымдағы жылдың 11 наурызы мен 27 наурыз аралығында Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша нәтижелері жария талқылауға шығарылатын болады.

 

Дата публикации
13 марта 2024