Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2024 жылдың қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 78,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 101,7 пайыз.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
Жоба құны – 1,2 млрд.теңге;
Қуаттылығы - жылына 2520 тонна;
Жұмыс орындары - 67 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы.
Жоба құны-500 млн.теңге;
Қуаттылығы – жылына 1500 тонна;
Жұмыс орындары – 20 адам;
Жүзеге асыру орны – Жалағаш ауданы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 40,3 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 132,4 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 млрд. теңгені құрап, өсім 2,1 есеге артты.
63,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 127,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 102,2 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың 4 тоқсанына 4,8 пайызды құрады.
2024 жылдың қаңтар айында 4 437 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 142 тұрақты.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 310,9 мың теңгені құрады, яғни 2022 жылдың тиісті кезеңіне 118,6 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 18,0 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 135,8 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 9,4 млрд. теңге түсті (болжамға 101,4 пайыз), жергілікті бюджетке 8,5 млрд. теңге (болжамға 217,4 пайыз).