«Ауыл - Ел Бесігі» жобасының жылдық есебі
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы«Ауыл - Ел Бесігі» арнайы жобасына бекітілген арнайы методикаға сәйкес облысымыздан 58 тірек және 45 спутник елді мекендер айқындалып, бүгінде оларда тиісті жобалар жүзеге асырылуда. Жобалар негізінен - мектеп, аурухана, жол салу, ауыз сумен қамту, сондай ақ шағын және орта бизнесті дамыту бағыттарында жүзеге асырылуда.
«Ауыл-Ел Бесігі» жобасы басталғалы бері 4 жыл ішінде (2019-2022жж.) облысымызда құны 18 млрд. теңгеден асатын 225 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
2023 жылы өңіріміздің 47 ауылдық елді мекенінде бекітілген (нақтыланған) бюджетпен бөлінген 12 427 746,4 мың теңгеге 218 жоба жүзеге асырылды.
Олар:
Білім саласы бойынша – 219 643,2 мың теңгеге Қазалы ауданы Қ.Пірімов ауылындағы К.Күлетов атындағы №92 орта мектебін күрделі жөндеу.
Спорт саласы бойынша 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі нысанда жүргізілетін Жаңақорған ауданы Ақжол ауылында спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 166 549,9 мың теңге, Қармақшы ауданының Жанажол, ІІІ Интернационал ауылдарындағы спорт кешенінің құрылысына 387 215 мың теңге және 312 552 мың теңгеге Шиелі ауданы Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешені ашық алаңын, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі «Сырдария» спорт клубын ғимараттарын күрделі жөндеу.
Мәдениет саласы Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылдық округіндеі Әбдіғаппар ауылдық клубын күрделі жөндеуге 126 887 мың теңге қаралды.
Денсаулық сақтау саласы 381 369,8 мың теңгеге 2 дәргерлік амбулаторияның құрылысы (Қызылорда қаласындағы, Баймұрат ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, Досан елді мекенінде медициналық пункт салу) және 336 414,8 мың теңгеге 4 ауылдық елді мекеннің ауруханаларын күрделі жөндеу (Қармақшы ауданы Жосалы кенті А.Құнанбаев көшесі №105 мекенжайында орналасқан "Қармақшы аудандық ауруханасы, Сырдария ауданы Қалжан Ахун ауылдық округі Абай көшесі нөмірсыз мекен жайда орналасқан фельдшерлік акушерлік бекеті, Сырдария ауданы Тоқмағанбетов ауылдық округі Тәшімов көшесі н/з орналасқан дәрігерлік амбулатория, Сырдария ауданы Аманкелді ауылы, Ағайдаров №22 мекен жайда орналасқан дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу).
Газбен жабдықтау бойынша 312 284,3 мың теңгеге Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенінде жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы.
Электрмен қамту бойынша 2 250 267,4 мың теңгеге Жаңақорған және Шиелі кенті, Қызылорда қаласы Талсуат ауылының көшелерін, Сырдария ауданы Аманкелді және Шаған ауылы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті электрмен жабдықтау.
Сумен қамту бойынша 269 773,9 мың теңге Сырдария ауданы Қоғалыкөл,Шаған ауылдарының көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтарының құрылысын жүргізу.
Жылымен қамту бойынша 294 150,0 мың теңге 8 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын қайта жаңғырту. (Қармақшы ауданының № 13 "Балбөбек" сәбилер бақшасы КМҚК қазандығының ғимаратын салу, Жосалы кенті, Тайшық би көшесі, №13 мекенжайы бойынша орналасқан Қармақшы аудандық ауруханасының Шипагер емханасы үшін БМК салу, Жалағаш аудандық орталықтандырылған кiтапхана жүйесi" КМК ғимаратын табиғи газға аyыстырy жолымен қазандыкты қайта жаңғыртy, Жалағаш кентiндегi "Наркескен спорт клубы " жедел басқару құқығындағы КМҚК ғимаратын табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты қайта жаңғырту, Сырдария ауданында Ботагөз №6 бөбекжай ғимаратының бу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау, Сырдария ауданының Орталық аудандық ауруханасы оңалту бөлімшесінің қазандығы ғимаратын реконструкциялау, Шиелі ауданының Шиелі кентінде А.С. Пушкин атындағы № 46 мектеп-лицей қазандығының ғимаратын салу, Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы № 157 Б. Пәрімбетов атындағы орта мектептің қазандық ғимаратын салу).
Жарықтандыру бойынша 28 жобаны (көшелерді жарықтандыру) жүзеге асыруға 858 042,5 мың теңге қаралды.
(Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 12 жоба, Дүроңғар ауылында 5 жоба, Қызылорда қаласының Қызылжарма Қарауылтөбе, Досан, Қараөзек, Ж. Маханбетов, Баймұрат батыр ауылдарында 11 жоба).
Жаяу жүргіншілер жолын орналасытыру бойынша 8 жобаны жүзеге асыруға 563 712,1 мың теңгеге қаралды. (Қызылорда қаласының Қарауылтөбе 2 жоба, Абай 1 жоба, Қараөзек 2 жоба, Досан 1 жоба, Қызылжарма 1 жоба және Ж. Маханбетов ауылында 1 жоба).
Көлік инфрақұрылымы бойынша 150 жобаға 5 948 884,5 мың теңге қаралды.
(40 ауылдық елді мекеннің ауыл ішілік көшелерінің құрылысы және орташа жөндеу бойынша 150 жоба жүзеге асырылуда).