«Дипломмен ауылға» жобасының 2023 жылға есебі

«Дипломмен ауылға» жобасының 2023 жылға есебі

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығы және 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.
2023 жылға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен келіп түскен өтінімдер бойынша 427 маманға  2 209 725.0 мың теңге қаржы қаралып, ағымдағы жыл қорытындысымен 411 маманға (білім саласы – 257, денсаулық сақтау саласы – 100, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2,  мәдениет саласы – 14, спорт саласы – 17, агроөнеркәсіп кешен саласы – 16, мемлекеттік қызметкерлер – 5) 2 118 205.0 мың теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді.
Сонымен қатар бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге Қызылорда қаласы мен аудандардың бюджетінен 573 маманға 197 972,0 мың теңге қаралып, 533 маманға (білім саласы – 332, денсаулық сақтау саласы – 144, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 3, мәдениет саласы – 15, спорт саласы – 20, агроөнеркәсіп кешен саласы – 13, мемлекеттік қызметкерлер – 6) 183 885 мың теңге берілді.

Дата публикации
17 января 2024