Әлеуметтік сала бойынша
(31.12.2023 ж.)
Есепті кезеңде облысымыздың «Жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы» шеңберінде 52389 жұмыс орыны ашылып, жыл ішінде болжамдалған 43898 жұмыс орын 119,3 пайызға орындалды.
Ашылған жұмыс орындарының 33559 жаңа жұмыс орындарына тиесілі, оның ішінде тұрақтылары – 16184 бірлік (48,2%), уақытша – 17375 (51,7%).
Мәлімет үшін: жылдық жоспар – 30 650 немесе 109,5%, оның ішінде тұрақтысы – 14372 немесе 112,6%, уақытшасы 16278 немесе 106,7%.
«Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде 16979 адамды қамтуға 7854,1 млн. теңге бөлінді.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 64055 адамның Ұлттық жобаға қатысушы ретінде 47957 адам тіркелді (о.і.: 68,2%/32721- жұмыссыздар, 13,7%/6607 - жұмыс іздеушілер, 17,8%/8549 – өзбетінше жұмыспен қамтылғандар, 0,4%/158 – өзге санаттағылар). Олар келесі бағыттарға бағытталды:
- 17927 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 8774 адам жолданды (жоспар 2500 немесе 3,5 есе), олардың 7251-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, оның 306 жұмыспен қамтылды, 29 жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды, 2538 өз кәсібін ашты, 132 мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.
- 3565 адам (3333 сертификат алды) немесе жоспарланған 3234 адамның 110,0% «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы онлайн-оқудан өтті (skills.enbek.kz платформасы, о.і.: ауыл тұрғыны – 1878, әйелдер – 2082, жастар - 1373);
- жұмыс берушінің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға 25 адам оқуға жолданды, олардың 21 оқу курсын аяқтап, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты (Қызылорда қ., аспазшы мамандығы бойынша 2 жұмыс берушінің өтінімі негізінде);
- субсидияланатын жұмыс орындарына 16137 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 560 адам жолданды, оның 439 (78,3%) аяқтап, 387 (69,1%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 560 адам немесе 100,0%);
- жастар тәжірибесіне – 3443 адам жолданды, оның 687 (19,9%) аяқтап, 399 (58,0%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 3330 адам немесе 103,4%);
- ақылы қоғамдық жұмыстарға – 10687 адам жолданып, барлығы 10687 (100,0%) аяқтап, 6757 (63,2%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (о.і. уникальный 10332/96,7%) (жоспар 10104 адам немесе 105,8%);
- «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына – 297 адам жолданды, оның 60 (20,2%) аяқтап, 34 (56,7%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 330 адам немесе 90,0%);
- «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 29 адам жолданды (жоспар 31 адам немесе 93,5%).
- «Күміс жас» жобасына – 1121 адам жолданып, оның 394 (35,1%) аяқтап, 251 (63,7%) тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 1073 адам немесе 104,5%).
- Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға 1529 адам жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алды, о.і.: атаулы көмек алушылар – 97, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 234, көп балалылар – 942, қандастар – 2, асыраушысынан айырылғандар – 61, мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушылар - 193 (жоспар 1526 адам немесе 100,2%);
- «Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер ұсыну» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген 2,5 пайызбен 492 жас кәсіпкер несие алып, өз кәсіптерін бастап кетті.
Жыл басынан бері облыс бойынша 86 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 1760 жұмыс берушілерден 9155 бос жұмыс орындары ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 8140 жұмыссыздардың ішінен 3161 адамға тұрақтыға, 638 адамға уақытша жұмысқа орналастырылып, 5290-і кеңес алды.
Жыл басынан 11876 адамға жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды.
3287 көп балалылар ұлттық жобаға қатысып, олар келесі бағыттарға жолданды: бос жұмыс орындары - 790, әлеуметтік жұмыс – 24, жастар тәжірибесі – 5, қоғамдық жұмыс – 686, «Күміс жас» жобасына – 5, сонымен қатар, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқығандар – 770 (516 жобасын қорғап, 942 грант алды), 942-і қайтарымсыз гранттар алды.
3316 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысып, олар келесі бағыттарға жолданды: бос жұмыс орындары – 692 және белсенді шараларға - 746 (әлеуметтік жұмыс – 10, жастар тәжірибесі – 51, қоғамдық жұмыс – 650, «Күміс жас» жобасына – 33, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 2), «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқығандар – 962 (о.і. 809 жобасын қорғап, 234 грант алды), қысқа мерзімді курсқа – 2, қайтарымсыз гранттарды -234 алды.
Ұлттық жоба шеңберінде 21002 жастар әртүрлі шаралармен қамтылды: 1373-і онлайн курстарды және 4268-ы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқып (оның 3038 жобасын қорғады, 36 адам несие және 587-і мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсіптерін ашты, 14 адам тұрақты жұмысқа орналасты), бұған қоса, 14774-і жұмыспен қамтылды: 7205 жасымыз еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарға, 7569 жұмысты жасты субсидияланған жұмыс орындарына жолданды (әлеуметтік жұмыс – 222, жастар тәжірибесі – 3443, қоғамдық жұмыс – 3578, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 29, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 297).
10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес 12916 жұмыс орыны құрылды немесе жылдық жоспардың 121,3 пайызы (жоспар - 10651). Ашылған жұмыс орындардың 8577-і немесе 66,4 пайызы жастарға тиесілі.
«Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде ағымдағы жылы 276 жоба бойынша 3379 жұмыс орынын ашу көзделсе, жыл қорытындысымен 3388 жұмыс орын ашылды немесе 100,3 пайызға орындалды, олардың зейнетақы аударымдары 84,7 пайыз (2870 адам), еңбек келісім шартының болуы – 95,3 пайыз (3228 адам).
Солтүстік өңірлерге 117 отбасы (құрамында 425 адам) қоныс аударды: Қазіргі уақытта 139 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 7-уі кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алды. 86 отбасыға материалдық көмек көрсетілді, 18 отбасыға коммуналдық қызметтерін төлеу шығындары өтелді. Өз өтініштері негізінде 10 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.