Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2023 жылдың 3-тоқсаны қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

Өз кезегінде, «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Осының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақала жариялау, құқықтық оқыту өткізу, интернет-ресурсқа бюджеттің жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.
Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген.
Сонымен қатар, 03.04.2023 ж. – 14.04.2023 ж. аралығында Сыбалас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы ағымыдағы жылдың
16 мамырында «Ұшқыр жебе» Қоғамдық Қорының төрағасы Наурыз Мәліктің және Басқарма қызметкерлерімен талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша 2023 жылдарға орындауға нақты іс шаралар жоспары әзірленді.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР Ұлттық экономика, ҚР Қаржы, ҚР Оқу-Ағарту, Мәдениет және спорт, Қоғамдық даму министрліктеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныс хат жолданды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған облыс әкімдігімен бекітілген медиа-жоспарға сәйкес ай сайын фейсбук әлемуеттік желісінде басқарма басшылығымен интернет конференциялар өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алынуда.
Өз кезегінде, Басқарма жұмысшы органы болып табыладытын облыстық бюджеттік комиссияның құрамына «Amanat», «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, облыстық мәслихат депутаттары өкілдері енгізілген.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Облыстық бюджеттің жобасы алдын ала Қоғамдық кеңестің талқылауына шығарылуда. Осы ретте, 2024-2026 жылдарға және 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешім жобасы Облыстық қоғамдық кеңес қарауына енгізіліп оң қорытындылары алынды.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылуда.
Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілген.
Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.