Кадрлық саясат
Басқарманың құрылымы
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының құрылымы «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәлелелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №632 қаулысына сәйкес 51 бірлік болып бекітілді. Басқарманың құрылымында басқарма басшысы 1 бірлік, басқарма басшысының орынбасарлары 3 бірлік және 19 бөлім бар. Мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 51 бірлік құраса, штаттан тыс қызметкерлердің саны 34.
Тағылымдамадан өткендер
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына» сәйкес 2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында 2 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде тағылымдамадан өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. Ағымдағы жылы басшы лауазымына алғаш тағайындалған қайта даярау курсынан 1 қызметкер және біліктілігін арттыру курсынан 12 қызметкер өтті.