2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өңірлік деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаты - 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болып табылады.

Бағдарлама 2015 жылдың 10 желтоқсанда Қызылорда облыстық мәслихатының № 323 шешімімен бекітіліп, қазіргі таңда 5 рет түзетулер енгізілді.

Бағдарлама мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеудегі әдістемесіне сәйкес жасалған. Сонымен бірге, бағдарламадағы 5 жылдық кезеңге жоспарланған мақсатты индикаторлар жергілікті атқарушы органдардың Базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкестендіріліп жасалып, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілген.

Айта кеткен жөн, бұл құжат орталық мемлекеттік органдарға облыстағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға негіз болып табылады.

Осыған сәйкес, «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес Республикалық бюжеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына бағалау жүргізді.

2019 жылғы бағалау нәтижелеріне сәйкес Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу бойынша Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау  мүмкін болатын 50 баллдың 46,6-сын құрады.

Дата публикации
15 июля 2020