«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстарды үйлестіру
Ағымдағы жылдың 14 наурызында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Бәкіровтың төралығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағытының ұйымдастыру мәселелері туралы» тақырыбында облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерімен бірлескен мәжіліс өтті.
Аталған мәжілісте облыстық басқармалар, аудандар мен қала әкімдіктеріне жобалық басқару аясында түсіндірме жұмыстарын басқарманың жобалық басқару бөлімінің басшысы - облыстық жобалық офистің бас менеджері- Б.Т. Жүнісова таныстырып өтті.
Мәжіліс қорытындысымен облыстық басқарма басшылары мен Қызылорда қаласы және аудан әкімдерінің аппарат басшыларына облыстық жобалық офисімен бірлесе отырып бекітілген жобалар картасы негізінде жобаларды іске асырудың нақты мерзімдерін (басталу, аяқталу) айқындау, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне жобалар мен растаушы құжаттарын сапалы әрі мерзімінде жүктеуді қамтамасыз ету, жобалық басқару қызметіне тартылған қызметкерлерді облыстық жобалық офиспен күнделікті өткізілетін скрам жиналыстарына тұрақты қатысуды ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.