Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама
Ағымдағы жылдың 3 сәуірі мен 28 сәуірі аралығында Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Cыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша нәтижелері жария талқылауға шығарылатын болады.