«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында жалпы құны 9,7 млрд. теңгені құрайтын 27 нысан құрылысы жоспарлануда.
Атап айтқанда, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет құрылысы салынады. Оның ішінде биылғы жылы 15 медициналық амбулатория мен 1 медициналық бекеттің құрылысы салынады:
- Арал ауданы бойынша: Бөген, Қызылжар ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаториялар және Көктем елді мекенінде 1 медициналық бекеттің құрылыстары жобалары;
- Қазалы ауданы, Каукей, Абай, Бозкөл ауылдарында 3 амбулаторияның құрылыстары жобалары;
- Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдарында 3 дәрігерлік амбулаториялардың құрылыстары жобалары;
- Жалағаш ауданы бойынша: Есет батыр, Мырзабай, ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаториялардың құрылыстары жобалары;
- Сырдария ауданы, Н. Ілиясов ауылында 1 амбулаторияның құрылысы жобасы;
- Шиелі ауданы бойынша: Досбол би, Бала би, Бұланбай бауы ауылдарында 3 дәрігерлік амбулаториялардың құрылыстары жобалары;
- Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылында 1 амбулаторияның құрылысы жобасы.
Биылғы жылы іске асырылатын 15 медициналық амбулатория мен 1 медициналық бекеттің жобалау жұмыстарына қажетті,инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (жылу, су, жарық, байланыс) техникалық шарттары мен сәулет жоспарлау тапсырмалары мәселелері жергілікті атқарушы органдармен толығымен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарылды.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың әрбір кезеңі жобалық басқару жүйесі шеңберінде нақты қадағаланатын болады.