Қызылорда облысының 2020 жылға Әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласын қаржыландыру туралы

2020 жылы облыста әлеуметтік көмекке және жұмыспен қамтуға нақтыланған бюджет 24773,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 19689,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер және жергілікті бюджеттен 5084,0 млн.теңге.

Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет төлеуге, сондай-ақ төтенше жағдайында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік жиынтықтарын беруге республикалық бюджеттен 11703,8 млн. теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттеріне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығының қызметін қолдауға 982,6 млн.теңге бөлінді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 6984,4 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6403,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 580,9 млн. теңге бөлінді.

 бағдарламаның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына 4,0 млн.теңге қарастырылған.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 1920,8 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен 1053,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 867,6 млн. теңге, оның ішінде:

-мүгедектерді санаторий – курорттық емдеумен қамтамасыз етуге - 219,8 млн. теңге бөлінді

(РБ – 77,4 млн. теңге, ЖБ-142,4 млн. теңге);

– мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнайы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етуге – 789,3 млн. теңге (РБ-323,2 млн. теңге, ЖБ-466,1 млн. теңге);

-протездеу, протездік – ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды оқыту бойынша Медициналық қызмет көрсетуге – 320,6 млн. теңге (РБ – 108,2 млн. теңге, ЖБ-212,4 млн. теңге);

- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге (зәр, колостомия, памперстер) - 223,0 млн. теңге;

- ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге - 43,2 млн. теңге;

– техникалық көмекші құралдар тізбесін кеңейтуге - 156,8 млн. теңге;

– "Spina Bifida" диагнозы бар балалар үшін бір рет қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге-2,5 млн. теңге;

– кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру бойынша қызметтерге - 118,9 млн. теңге;

  • аудандарда, Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында Инватакси қызметін дамытуға - 46,8 млн.теңге.

    Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 2020 жылға 276,9 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 103,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 173,5 млн. теңге қарастырылған.

    Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауға, қоғамдық келісімді нығайтуға, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға көмек көрсетуге, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге және атаулы күндерге әлеуметтік-маңызды іс-шараларды өткізуге бағытталған 12 әлеуметтік жобаны іске асыру жоспарланған.
Дата публикации
12 июня 2020