Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2022 жыл қорытындысы бойынша халықпен жұмыс туралы ақпарат
Басқармаға 2022 жылы барлығы 121 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғадан 59 өтініш, заңды тұлғалардан 62 өтініш түсті. Жолданымдардың басым бөлігі «қаңтар оқиғасында» зардап шегушілердің материалдық көмек сұрауы бойынша сондай-ақ, кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша түскен.
Арыз иелеріне толық жауап беру мақсатында, Басқарма тарапынан өзге мемлекеттік органдардан ақпараттар сұратылып ұсыныстар берілді. Арыз иелеріне өз ұстанымдарын білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында тыңдаулар өткізілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында жыл басында екі тілде (мемлекеттік және орыс) жарияланды.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-74 және әкімшілік-қаржы бөлімінің тел: 60-54-32 нөміріне хабарласып алуға болады.