Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –438 636 103,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер –31 563 191,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –3 565 073,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –9 476,0 мың теңге;
трансферттер түсімі –403 498 363,5 мың теңге;
2) шығындар –445 142 261,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –-6 245 221,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттер –6 552 870,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –12 798 091,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –998 061,5 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу –998 061,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) –-1 258 997,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 258 997,3 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде төмендегілер үшін айқындалады:
1) жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын ұлғайту;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту;
3) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
4) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек төлеу;
5) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету;
6) туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсету;
7) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсету;
8) адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету;
9) «Бақытты отбасы» аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығының қызметін қамтамасыз ету;
10) Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй көмек көрсету;
11) халықтың осал топтарына қолдау көрсету үшін ыстық тамақ ұйымдастыру;
12) I топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін жеке көмекшінің қызмет ақысын төлеу;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске қосылған спорт нысандарын ұстау;
14) спортты дамыту;
15) ауылдық округтердің шекараларын анықтау және белгілеу жобаларын әзірлеу;
16) жолаушылар маршрутын субсидиялау;
17) автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу;
18) каналдарды ұстау;
19) абаттандыру;
20) суландыру қондырғыларын құжаттандыру;
21) мемлекеттік органдардың ғимаратын күрделі жөндеу, абаттандыру және сумен жабдықтау;
22) мәдениет саласының мекемелеріне қосымша штаттық бірлік бөлу.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет есебінен 2022 жылға арналған нысаналы даму трансферттердің бөлінуі Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде төмендегілер үшін айқындалады:
1) газ жабдықтау жүйесін дамыту;
2) коммуналдық-шаруашылықты дамыту;
3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту;
4) коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйлерін салу және (немесе) реконструкциялау;
5) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) жайластыру;
6) көлік инфрақұрылымын дамыту;
7) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;
8) «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды қоса қаржыландыру.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 910 094,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
келесідей мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін 2022 жылға бағалы қағаздар шығару арқылы облыстың жергілікті атқарушы органымен қарыз алуы мақұлдансын.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
|
|
|
|
|
|
|
Н. Байқадамов |
|