Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
    № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және                        3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 467 920 111,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 34 554 599,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 431 768,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 40 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 427 893 743,8 мың теңге;

2) шығындар – 474 310 049,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 120 105,3 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 12 982 784,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 862 678,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 883 085,5 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 1 883 085,5  мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 393 128,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
8 393 128,4  мың теңге.»;

         аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

Н. Байқадамов

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 августа 2022