Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
    № 72«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –439 866 068,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –31 563 191,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –4 795 038,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –9 476,0 мың теңге;

трансферттер түсімі –403 498 363,5 мың теңге;

2) шығындар –446 525 193,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –-6 139 679,1 мың теңге;

бюджеттік кредиттер –6 648 623,7 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –12 788 302,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –950 000,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу –950 000,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –-1 469 446,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 469 446,1 мың теңге.»;

4-тармақта:

21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«21) мемлекеттік органдардың ғимаратын күрделі жөндеу, абаттандыру және сумен жабдықтау;»;

келесідей мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

«22) мәдениет саласының мекемелеріне қосымша штаттық бірлік бөлу.»;

келесідей мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін 2022 жылға бағалы қағаздар шығару арқылы облыстың жергілікті атқарушы органымен қарыз алуы мақұлдансын.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Н. Байқадамов

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
18 марта 2022