Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
          № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
    № 72«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және                        3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –467 395 234,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –34 554 599,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 040 187,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –35 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі –427 765 447,5 мың теңге;

2) шығындар –474 333 893,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –-2 964 373,9 мың теңге;

бюджеттік кредиттер –9 833 718,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –12 798 091,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –1 334 363,5 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу –1 334 363,5 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –-5 308 649,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
5 308 649,2 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

Н. Байқадамов

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
16 июня 2022