Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5596 болып тіркелген);

2) «Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы 13 сәуірдегі № 1094 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6280 болып тіркелген).

  1. «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда облысының   

           әкімі                                                                     Н. Нәлібаев

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
22 июля 2022