Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

 

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылары келесідей мөлшерінде:

1) ұйым басшысы - 17-еселенген базалық лауазымдық жалақыдан артық емес (бұдан әрі - БЛЖ);

2) ұйым басшысының орынбасары - 14-еселенген БЛЖ артық емес;

3) құрылымдық бөлімше басшысы - 6-еселенген БЛЖ артық емес;

4) қосалқы персонал және жұмысшы - 6-еселенген БЛЖ артық емес;

5) әкімшілік персонал - 5-еселенген БЛЖ артық емес болып белгіленсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы                                           Н. Байқадамов

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
Дата публикации
11 октября 2022