Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы
13  желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы
    № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және                        3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 470 213 069,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 36 341 884,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер  – 7 020 021,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 64 416,0мың теңге;

трансферттер түсімі – 426 786 746,8мың теңге;

2) шығындар – 472 817 835,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –3 899 125,3 мың теңге;

бюджеттік кредиттер –14 782 357,2 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –10 883 231,9 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –1 883 085,5 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу –1 883 085,5 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –-8 386 976,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
8 386 976,7 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

Н. Байқадамов

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
31 октября 2022