Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №297 қаулысы шеңберінде республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде тұрғындардың (оның ішінде 1,2,3, топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға) коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге 2,4 млрд.теңге қаржы бөлу бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы әзірленуде.

Аталған қаржыны аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне бөлу жоспарлануда. Олар:

Арал ауданына 253,8 млн.теңге;

Қазалы ауданына 237,7 млн.теңге;

Қармақшы ауданына 174,9 млн.теңге;

Жалағаш ауданына 101,9 млн.теңге;

Сырдария ауданына 151,9 млн.теңге;

Шиелі ауданына 278,1 млн.теңге;

Жаңақорған ауданына 237,6 млн.теңге;

Қызылорда қаласына 1011,4 млн.теңге.

Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті 45-сессиясын өткізу жоспарлануда

 Ағымдағы жылдың 29 мамырында облыстық мәслихаттың кезекті 45 сессиясында 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесін қарау жоспарлануда.

Бұл нақтылауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №292 «Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды және оның салдарын жою жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды жоюға облыстық бюджеттен255 млн.теңгесомасында қаражат бөлумәселесі қаралатын болады.

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жергілікті атқарушы органдардың өңірлік геоақпараттық жүйесі» бағдарламалық өнімін сатып алуға 35,0 млн.теңгежоспарлануда.

 

 

Дата публикации
22 мая 2020