Қызылорда облысының 2022 жылдың қаңтар-сәуір
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 317,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2022 жылы жалпы құны 10,7 млрд. теңгені құрайтын, 316 жұмыс орындары құрылатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
Жоба құны – 1947 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 172,8 мың тонна;
Жұмыс орындары - 73 адам;
Жүзеге асырылу орны – Арал ауданы.
Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Жоба құны – 1975 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 1500 тонна;
Жұмыс орындары – 60 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы;
Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
Жоба құны-600,0 млн.теңге.
Қуаттылығы – жылына 324 тонна,
Жұмыс орындары – 40 адам,
Жүзеге асыру орны – Қармақшы ауданы.
Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Жоба құны-5,2 млрд.теңге.
Қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна,
Жұмыс орындары – 120 адам,
Жүзеге асыру орны – Жаңақорған ауданы.
Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Жоба құны-952,7 млн.теңге.
Қуаттылығы – жылына 5,0 мың тонна,
Жұмыс орындары – 23 адам,
Жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы.
Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 68,4 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 117,8 пайыз.
Құрылыс жұмыстардың көлемі 13,4 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 115,1 пайыз.
170,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 109,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 19,1 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,4 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылы 4,9 пайызды құрады.
2022 жылдың 1 мамырына 10 562 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 4257 тұрақты.
2022 жылдың 1 тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 247 559 теңгені құрады, яғни 2021 жылдың тиісті кезеңіне 127,2 пайыз.
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың сәуір айында 2021 жылдың желтоқсанына қарағанда 106,3 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 110,0 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 105,0 пайыз, ақылы қызметке – 102,9 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 59,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 114,2 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 36,0 млрд. теңге түсті (болжамға 102,3 пайыз), жергілікті бюджетке 23,2 млрд. теңге (болжамға 139,5 пайыз).