Қызылорда облысының 2022 жылдың қаңтар айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп. 2022 жылдың қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 65,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2022 жылы жалпы құны 4,0 млрд. теңгені құрайтын, 160 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:

  • «Құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі» («Арал Кварц» ЖШС).

Жоба құны –  1947 млн.теңге;

Қуаттылығы - жылына 172,8 мың тонна;

Жұмыс орындары - 73 адам;

Жүзеге асырылу орны – Арал ауданы.

Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

  • «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы» («Қармақшы құс» АҚ).

Жоба құны – 1975 млн.теңге;

Қуаттылығы - жылына 1500 тонна;

Жұмыс орындары - 47 адам;

Жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы;

Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

  • «Балық өңдеу цехы» ("Тұрған тамы" ШҚ).

Жоба құны-100,0 млн.теңге.

Қуаттылығы – жылына 324 тонна,

Жұмыс орындары – 40 адам,

Жүзеге асыру орны – Қармақшы ауданы.

Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23,0 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 131,5 пайыз.

Құрылыс жұмыстардың көлемі 1,0 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 126,8 пайыз.

44,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 65,8 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,8 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 102,4 пайыз.

Көлік. 2022 жылдың қаңтар айында жүк тасымалдау көлемі 9,3 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты. Жүк айналым көлемі 3848,0 млн. тонна шақырымды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 пайызға артты.

Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың 3 тоқсанына 4,9 пайызды құрады.

3153 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 870 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 2062 адам, жастар тәжірбиесімен 149 адам, әлеуметтік жұмыстарға 72 адам жіберілді.

2022 жылдың 1 ақпанына 2761 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 477 тұрақты.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 210 475 теңгені құрады, яғни 2021 жылдың тиісті кезеңіне 118,4 пайыз.

Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың қаңтар айында 2021 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 100,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,1 пайыз, ақылы қызметке – 100,4 пайыз.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 10,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 114,9 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 6,4 млрд. теңге түсті (болжамға 105,8 пайыз), жергілікті бюджетке 3,9 млрд. теңге (болжамға 134,2 пайыз).

 

Дата публикации
04 марта 2022