Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сақталуда
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 485,5 млрд.теңгенің өнімін өндірді (НКИ – 88,2%). Өнеркәсіп өндірісі көлемінің азаюы мұнай өндірудің төмендеуімен (НКИ-82,9%) байланысты.
2020 жылы индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында облыста жалпы құны 43,3 млрд.теңгені құрайтын, 428 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар: «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен мен пластикалық қайық жасау цехін салу», «Арал ауданындағы кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинаты», «Тауарлы балықты өсіру және терең өңдеу цехы», «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы».
Есепті кезеңде өңір экономикасына 181,3 млрд. теңге инвестиция салынды (НКИ-69,5%).
60,2 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды (НКИ-50,8%).
485,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 100,4%, ол негізінен халық, қаражаты есебінен салынды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 95,6 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 103,1% құрады. Есепті кезеңде тірі салмақта 26,3 мың тонна мал және құс еті, 65,2 мың тонна сүт (сиыр), 5,6 млн.дана жұмыртқа өндірілді немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 102,4%, 102,6% және 87,4%.
Есепті кезеңде жүк тасымалдау көлемі 60,5 млн.тоннаны құрап, 16,4% - ға азайған. Жүк айналымының көлемі 9 920 млн. ткм құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,9% - ға азайған. Облыс автокөліктерімен 107,2 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 63,6% төмендеді. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 63,1% - ға төмендеп, 1916,9 млн. жолаушы шақырымға жетті.
2020 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі - 4,9% құрады. 2020 жылдың 1 қазанына 18 784 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 13 777 тұрақты.
2020 жылдың қаңтар-маусым айларында бір қызметкерге орташа айлық жалақы 177 321 теңгені құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге 121,3%.
Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылдың қыркүйек айында 2019 жылғы желтоқсан айына қарағанда 104,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі – 107,2%, азық – түлік емес тауарларға -103,4%, ақылы қызметтерге – 102,1%.
Мемлекеттік бюджетке 90,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 104,7%. Оның ішінде республикалық бюджетке 48,7 млрд.теңге (болжамға 91%), жергілікті бюджетке 41,9 млрд. теңге (болжамға 127%) түсті.
15.10.20 ж.
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталуда
2020 жылғы қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 58,5 млрд.теңгенің өнімін өндірді (НКИ – 85,0%). Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі мұнай өндірудің төмендеуімен (НКИ-80,9%) байланысты.
2020 жылы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында облыста жалпы құны 44,2 млрд.теңгені құрайтын, 373 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар: «Балықты тереңнен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайықтарды жасау цехын салу құрылысы», «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы», «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақты шыны өндіру және өңдеу зауытының құрылысы».
Өңір экономикасына 10,3 млрд. теңге инвестиция салынды (НКИ-21,6%).
537 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды (НКИ-52,9%).
66,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 183,7%, ол толығымен халық есебінен салынды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 103,6% құрады. Есепті кезеңде тірі салмақта 3,1 мың тонна мал және құс еті, 5,4 мың тонна сүт (сиыр), 0,3 млн.дана жұмыртқа өндірілді немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 105,8%, 101,0% және 49,7%.
Есепті кезеңде жүк тасымалдау көлемі 6,2 млн.тоннаны құрап, 0,1% - ға өсті. Жүк айналымының көлемі 1 115,8 млн. ткм құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9% - ға өсті. Облыс автокөліктерімен 29,9 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 1,2% өсті. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 1,6% - ға өсіп, 568,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.
2019 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі - 4,8% құрады. 2020 жылдың 1 ақпанына 556 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 370 тұрақты.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір қызметкерге орташа айлық жалақы 150 235 теңгені құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезеңге 115,8%.
Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылдың қаңтар айында 2019 жылғы желтоқсан айына қарағанда 100,5% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі – 100,8%, азық – түлік емес тауарларға -100,6%, ақылы қызметтерге - 99,9%.
Мемлекеттік бюджетке 6,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 113,8%. Оның ішінде республикалық бюджетке 2,7 млрд.теңге (болжамға 67,3%), жергілікті бюджетке 3,7 млрд. теңге (болжамға 235,8%) түсті.