2020 жылы іске асырылуы жоспарланған құрылыс нысандары бойынша ақпарат
2020 жылы облыстық және республикалық бюджет есебінен 14 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде:
- білім саласы бойынша 8 білім беру (3 мектеп, 2 балабақша, 1 лагерь, 1 білім беру орталығы, 1 оқушылар үйі) нысанының құрылысын іске асыруға – 3 228,5 млн. теңге қаралуда (РБ- 2656,1 млн.теңге, ОБ- 572,4 млн.теңге);
Анықтама: (1.Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы, 2.Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау және кеңейту, 3.4. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде 600 орындық және Майбекет мөлтек ауданында мектептер, 5.Жалағаш ауданы М.Шаменов атындағы ауылдық округінің 140 орындық №34 орта мектеп, 6.Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысы, 7.Қызылорда қаласында Ш.Есенов атындағы қосымша білім беру орталығы, 8.Арал ауданы Арал қаласында оқушылар үйі ғимаратының құрылысы).
- денсаулық сақтау саласында 3 нысан құрылысын іске асыруға – 1 959,9 млн.теңге қаралуда (РБ-1 500 млн.теңге, ОБ- 459,9 млн.теңге);
Анықтама: (1.Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде 100 төсектік орталық аудандық ауруханалар, 2.Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана, 3.Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы).
- мәдениет саласы бойынша 1 нысан құрылысына облыстық бюджеттен - 231,6 млн.теңге қаралуда;
Анықтама: (Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйі).
- спорт саласы бойынша 2 нысан құрылысына облыстық бюджеттен - 134,1 млн.теңге қаралуда;
Анықтама: (1.Қызылорда қаласындағы теннис орталығының құрылысы, 2. Қызылорда қаласы Сүлейменов көшесі №69 мекен жайдағы №6 облыстық олимпиадалық резевтің мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебіне қарасты футбол алаңын қайта жаңғырту).
Сонымен қатар, басқа да салалар бойынша 4 әкімшілік ғимараттың, 7 мал қорымдарының, 3 құқық қорғау нысандарының құрылыстарын іске асыру жоспарлануда.
«ДКБ-2020 бағдарламасы» аясында 3 жоба іске асырылуда. Атап айтсақ: қуаты жылына 300 мың тонна АралСода зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым. Телефондандыру, Арал теңізі станциясынан "АралСода" ЖШС соды зауытына кіре беріс темір жол тұйығын салу, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету (сумен жабдықтаудың сыртқы желілері, канализация, телефонизация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау).