Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2021 жылдың 2 тоқсаны қорытындысы бойынша халықпен жұмыс туралы ақпарат

Басқармаға 2021 жылдың 2-тоқсанында барлығы 14 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғадан 3 өтініш, заңды тұлғалардан 11 өтініш түсті. Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында жыл басында екі тілде (мемлекеттік және орыс) жарияланды.

Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-74 және құқықтық, ақпараттық жұмыстар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің тел: 60-53-80 нөміріне хабарласып алуға болады.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2021 жылдың 2 тоқсаны қорытындысы бойынша халықпен жұмыс туралы ақпарат
Дата публикации
19 июля 2021