Бюджеттік қаражаттың 2019 жылда игерілуі

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ағымдағы жылы барлығы 304286,6 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде:

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 175398,6 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 175393,6 мың теңгесі  игерілген. 100%-ға игерілді.

061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға 102645,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді.

108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға 1850,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді

113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға 24393,0 мың теңге қаржы қаралған, қаржы 100%-ға игерілді

Барлығы 304281,6 мың теңге қаржы игерілді. 100% игерілді.

Дата публикации
21 февраля 2020