Кадрлық саясат

Кадрлық саясат

Басқарманың құрылымы

Басқарманың құрылымы Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №246 қаулысымен 40 бірлік болып бекітілді. Басқарманың құрылымында басқарма басшысы 1 бірлік, басқарма басшысының орынбасарлары 3 бірлік және 13 бөлім бар. Мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 40 бірлік құраса, штаттан тыс қызметкерлердің саны 17.

Тағылымдамадан өткендер

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына» сәйкес 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында 1 мемлекеттік қызметші «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тағылымдамадан өтті.

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. 2021 жылдың 1 тоқсанында 1 қызметкер біліктілігін арттыру курсында оқытылды.

 

Дата публикации
16 апреля 2021