Басқарманың құрылымы
Басқарманың құрылымы Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №115 қаулысымен 35 бірлік болып бекітілген. Басқарманың құрылымында басқарма басшысы 1 бірлік, басқарма басшысының орынбасарлары 3 бірлік және 12 бөлім бар. Мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 35 бірлік құраса, штаттан тыс қызметкерлердің саны 17.
Тағылымдамадан өткендер
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына» сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 мемлекеттік қызметші «Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тағылымдамадан өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге баса назар аударылуда. 2020 жылы 5 қызметкер қайта даярлау курсынан өтті, 5 қызметкер біліктілігін арттыру курсында оқытылды.