2020 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта - теңге күні мерекесіне орай басқарманың білімді, спортты дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің басшысы Аббасова Фарида Әубәкірқызы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Жақыпбаева Әлия Нәдірәліқызы, басқарманың бөлім басшысы Жанадилов Бауржан Құрманғалиұлы, басқарманың бас мамандары Абдуайтов Жасұлан Алайдарұлы және Ибадуллаев Асқар Хабидуллаұлы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал, облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен басқарманың бөлім басшысы Жұмабаев Жарылқасын Рахатұлы, басқарманың бас маманы Тажикенова Жанар Оңдасынқызы және басқарманың статистигі Бәйкемел Сәкен Байпанұлы марапатталды. Басқарма басшысының алғыс хатымен басқарманың статистиктері Есмаханбетов Абдат Бахытұлы, Тыныс Нұрбек Мұхтарұлы және басқарманың әдіскері Көптілеуова Назым Ғабитқызы марапатталды.
2020 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай басқарманың стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлімінің бас маманы Бекайдаров Азат Болатұлы, басқарманың әдіскері Тұрғанбаев Қазбек Сапарұлы және басқарманың статистигі Абайұлы Ақтілек облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, 31-желтоқсан Жаңа жыл мерекесіне орай басқарманың фискалдық саясат бөлімінің басшысы Аманжолова Ғалия Сәндібекқызы және басқарманың статистиктері Шайланова Фариза Мұратбекқызы мен Сәкенова Ақбота Сәкенқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Құттықтаймыз!