Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2019 жылдың қорытындысымен Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұсынысына сәйкес Басқарама қызметкерлеріне құқықтық оқыту жүргізілді (06.03.2020 ж.). Құқықтық оқыту «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 2019 жылғы 26 қарашадағы № 273-VI ҚР Заңына және басқада заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде және аталған жиналыста облыс әкімі аппаратының 2020 жылғы қаңтар, ақпан айларындағы хаттарымен жолданған республика бойынша қаңтар, ақпан айында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері айтылып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды.
Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауапқа қоса «Құқық бұзушылыққа қарсы «Мүлдем» төзбеушілікті бізбен бірге қалыптастыр!» - тақырыбындағы ақпарат тіркелуде.
2020 жылдың 21 қазанында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен өңірлік Antikor орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған шаралар мен проблемалық мәселелер туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі AntikorLIVE тікелей эфиріне шығып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған облыс әкімдігімен бекітілген медиа-жоспарға сәйкес ай сайын фейсбук әлемуеттік желісінде басқарма басшылығымен интернет конференциялар өткізіліп келеді.
2020 басынан бастап жалпы 11 рет интернет конференция өткізілсе, 2020 жылдың 7 тамызында басқарма басшысының орынбасары М. Тұрмановпен «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы», 2020 жылдың 8 қыркүйегінде бөлім басшысы Б. Қасымбекұлымен «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары», 2020 жылдың 7 қазанында басқарма басшысының орынбасары М. Тұрмановпен «Дипломмен ауылға» жобасы аясында мамандықтар тізбесін кеіейту мақсатында ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», 2020 жылы 5 қарашасында басқарма басшысының орынбасары А. Нұрасыловамен «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында интернет-конференциялар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алады.
Өз кезегінде, Басқарма жұмысшы органы болып табыладытын облыстық бюджеттік комиссияның құрамына «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палатасының өкілі енгізілген.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Облыстық бюджеттің жобасы алдын ала Қоғамдық кеңестің талқылауына шығарылып отырады.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілгендігін хабарлайды.
2020 жылдың I-жартыжылдығы, II-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен 15.07.20 ж., 24.12.20 ж. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізіліп, орындауға тиісті ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссияның хаттамалық тапсырмасына сәйкес Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды (28.07.2020 ж.).
Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.