Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 760,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 106,4 пайыз.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 288,8 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,1%.
2026 жылы өңдеу өнеркәсібінде құны 37,3 млрд.теңгені құрайтын, 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 496,8 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 106,1 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 223,2 млрд. теңгені құрап, өсім 26,9% көрсетті.
583,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 103,5 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 89,9 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,4 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2026 жылдың 2 тоқсанына – 4,5 пайызды құрады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 22357 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 14557 адам.
2026 жылдың 2-ші тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 418,7 мың теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 106,0 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 246,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 79,6 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 144,2 млрд. теңге түсті (болжамға 70,6 пайыз), жергілікті бюджетке 102,1 млрд. теңге (болжамға 97,1 пайыз).