Басқармаға 2026 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 19 өтініш түсті.
Оның ішінде жеке тұлғадан 18 өтініш және заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. Арыз иелеріне толық жауап беру мақсатында, Басқарма тарапынан өзге мемлекеттік органдардан ақпараттар сұратылып ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, арыз иелеріне өз ұстанымдарын білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында тыңдаулар өткізілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында екі тілде (мемлекеттік және орыс) және басқарманың ресми сайтында жарияланды.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-74 және 60-54-25 нөмірлеріне хабарласып алуға болады.