2026 жылдың 1 мамырына Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2026 жылдың 1 мамырына бюджет түсімдері 103,3 пайызға орындалды (болжам 232334,9 млн.теңге, нақты түскені 239894,5 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 122,8 пайызға орындалды (болжам 43098,8 млн.теңге, түскені 52928,5 млн.теңге), артық түскені 7559,6 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 179029,2 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (99,8 пайыз), оның ішінде субвенция – 167204,1 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 11825,1 млн.теңге (99,8 пайыз).

2026 жылдың 1 мамырына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 98,9 пайызға орындалды (жоспар 229476,6 млн.теңге, орындалғаны 226870,2 млн.теңге). Игерілмегені 2606,4 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 99,8 % орындалып, 9,3 млн.теңге;

Қазалыда – 92,8 % орындалып, 428,7 млн.теңге;

Қармақшыда – 100 % орындалып, 0,4 млн.теңге;

Жалағашта – 99,9 % орындалып, 2,1 млн.теңге;

Сырдарияда – 100 % орындалып, 1,0 млн.теңге;

Шиеліде – 100 % орындалып, 1,8 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 100 % орындалып, 2,5 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 100 пайызға орындалып, 4,0 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 98,7 пайызды құрады, игерілмегені 2156,7 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаржысы жоспары 14112,2 млн.теңгенің 11590,0 млн.теңгесі немесе 82,1 пайызға игерілді, игерілмегені 2522,2 млн.теңге, оның ішінде мердігерлердің міндеттемелерін орындамауынан – 94,6 млн.теңге, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға несиелердің – 2000,0 млн.теңге және нысаналы трансферттердің- 287,1 млн.теңге түспегендігінен байланысты, басқа себептер – 140,5 млн.теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты 100 пайызға игерілді, игерілмегені 84,2 млн.теңге соманы құрады.

2026 жылдың 1 мамырына Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы
Дата публикации
08 мая 2026