Азаматтық бюджет. 2026 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда облыстық бюджетінің атқарылуы туралы қорытындылары

2026 жылдың 1 сәуіріне есепті кезеңге арналған облыстық бюджет түсімдері 104 пайызға орындалды (болжам 163,6 млрд.теңге, бюджет кірістеріне түскені 170,2 млрд.теңге), оның ішінде өз кірістері – 131 пайызға (болжам 11,2 млрд.теңге, түскені 14,7 млрд.теңге) облыстық бюджеттіне артық түскені 6,6 млрд.теңге.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызға өсуі байқалады.

2026 жылы қаңтар-наурыз айларында облыстық бюджет шығындар бойынша 99 пайызға орындалды (болжам 160,2 млрд.теңге, игерілгені 158,6 млрд.теңге). Игерілмегені 1628,1 млн.теңге (2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда игерілгені 99,9 пайыз кұрайтын, игерілмегені – 112,0 млн.теңге).

 

2026 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджет түсімдері

Облыстық бюджет түсімдері салық түсімдерден, салықтан тыс түсімдерден,  негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерден (бюджеттің өз кірістері), трансферттер түсімдерінен, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу және қарыздар түсімдерінен тұрады.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстық бюджеттің өз кірістері (салық түсімдері, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) 131 пайызға, өз кірістері 3,5 млрд.тенгеге артық орындалды (болжам 11,2 млрд.теңге, облыстық бюджетке нақты түскені 14,7 млрд.теңге) ол әлеуметтік салық – 845,9 млн.теңгеге, мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулардан – 1642,0 млн.теңге, басқа да салықтық емес түсiмдер –  148,0 млн.теңге артық түсуіне байланысты.

Жергілікті бюджет кірістерінде салық түсімдері 118,8 пайыз артық орындалды (жоспар 8503,6 млн.теңге, нақты түскені 10101,0 млн.теңге), артық орындалғаны 1597,4 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, осы санат бойынша түсімдері 6339,4 млн.теңгеге азайтылды (2025 жылдың 1 сәуіріне 16440,4 млн.теңге түсті).

Облыстық бюджетке салықтан тыс түсімдері бойынша 180,3 пайыз 1852,6 млн.теңге артық түсті (жоспар 2308,3 млн.теңге, нақты түскені 4160,8 млн.теңге).

2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында осы санат бойынша түсімдер 487,6 млн.теңгеге төмендеді
(2025 жылдың 1 сәуіріне 4648,7 млн.теңге түсті).

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 37,4 млн.теңге құрады. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 294,5 млн.теңгеге азайтылды (2025 жылдың 1 сәуіріне 331,9 млн.теңге түсті).

Облыстық бюджетке арнаулы түсімдері бойынша 106,1 пайыз 20,9 млн.теңге артық түсті (жоспар 343,1 млн.теңге, нақты түскені 364,0 млн.теңге).

Облыстық бюджетке трансферттер ағымдағы кезеңіне 137725,5 млн.теңге (100 пайыз) құрайды, оның ішінде субвенциялар – 124867,0 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 8511,2 млн.теңге (100 пайыз), бюджеттік алып қоюлар – 4159,4 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтарылуы 134,8 млн.теңге (100 пайыз), Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 53,1 млн.теңге (100 пайыз)(2025 жылдың 1 сәуіріне трансферттер 121847,8 млн.теңге көлемінде түсті).

 

Азаматтық бюджет. 2026 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда облыстық бюджетінің атқарылуы туралы қорытындылары
Дата публикации
24 апреля 2026